Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Семейдегі Абай мешіті маңына жерүсті өткел салынуда

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Абай мешіті маңына жерүсті өткел салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметінше, биыл көктемде ашылған жаңа мешітке Абай Құнанбайұлының есімі берілген болатын. Өткен жылы ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында Түркістан билігі мешіт айналасын абаттандырды. Алайда мешіт айналма жолда орналасқандықтан жаяу жүргіншілердің діни нысанға жетуі қиындық тудырған. Қыркүйек айының басында мешіттің солтүстік жағынан жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу қолға алынды. Келесі жылы оңтүстік жаққа да өткел орнату жоспарланған. «Жобаның жалпы сомасы – 100 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні жұмыстардың 50%-ы орындалды. Жаяу жүргіншілер өткелі айналма жолда орналасқан мешіт жобасының ажырамас бөлігі. Осы өткелдің көмегімен жаяу жүргіншілер мешітке бара алады», — дейді жоба авторы Нұрлан Жүнісов. Өткел ұзындығы – 48 метр, ені – 2,5 метр, биіктігі – 5,5 метр. Жаяу жүргіншілер өткелінің тіректеріне алтын түсті күмбездер қойылады. Барлық конструкциялар металдан жасалған.

 

Сәйкес жаңалықтар

Жалған құжат жасап колонияға кірмек болған азамат ұсталды

admin

Түркістандағы инвестфорумда 301 млрд теңге көлеміндегі 35 меморандумға қол қойылды

admin

Алматы индустриялық аймағында 800 млрд теңгеге өнім өндірді

admin