Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің  Түркістан облысы бойынша департаментінің № 6 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Оспанова Фарида Бимаханқызы ауыл тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша онлайн-офлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген түрғындардың мәселесі ортақ. Яғни мүгедектікке шығу.

Қазығұрт ауылының тұрғыны А.Абдираманова көп балалы ана. Ұлының денсаулығына алаңдайды. Алып отырған дәрі-дәрмектері қымбат. Көк қағазы болмағандықтан,мемлекет тарпынан берілетін тегін дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алмайды.  Одан бөлек, Қазығұрт ауылының тұрғыны Қ.Нұрмаханбет, Көк қағазды қалай алу керек жолдарын сараптама бөлімінің басшысынан сұрады.

Нәтижесінде: Аумақтық 6-шы Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Оспанова Фарида Бимаханқызы қабылдау орнында болған азаматтардың өтініші бойынша,  тұрғылықты/тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға учаскелік дәрігеріне, не денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманына  бару керектігін, ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемін, оның ішінде көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейтінін түсіндірді. Диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдарды МӘС-ке жіберетінін айтып өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада ІІ Орталық Азия медиа форумы басталды

admin

Шардарада шаруалармен кездесу өткізіліп, мақта қабылдау пункттері зерделенді

admin

Түркістандық педагогтар Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде біліктілігін арттырады

admin