Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд. теңге мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысында білім саласында қолды болған 1,5 млрд теңге қаржы мемлекетке қайтарылды.

Бүгінде облыстық білім басқармасының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілген.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге өндіріліп, олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд. теңгелік мүлкіне тыйым салынды.

Мейіржан Мамыров, Облыс прокуратурасының басқарма аға прокуроры: «Бүгінгі күні Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді. Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді. Оның ішінде ең көп өндірілген аудандарға Жетісай, Бәйдібек және Мақтаарал аудандары кіреді. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен табылған 3 млрд-қа жуық мүліктерге тыйым салынды».

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында жылыжайларға ұлттық стандартқа сәйкестік сертификатын беру жұмысы қарқынды

admin

Қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиада ойындарына алдын ала квоталар алды

admin

Қытай министрі Пекин Нұр-Сұлтанмен ынтымақтастықты «арттырады» деді. Қазақстан СІМ өте жұтаң ақпарат таратты

admin