Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдау тұрақты түрде жалғасып келеді. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті жеке қабылдауын өткізіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады. Салаға жауапты тұлғалармен бірге тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын зерделеп, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Жеке қабылдауға бірнеше аудан, қаланың азаматтары келген. Олар бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды. Түркістандық тұрғын жер мәселесін қозғады. Кезекті тұрғын робототехника бағытында турнир өткізуге өтініш білдірді. Ал төлебилік азамат Зертас елді мекеніне спорт кешенін салу ұсынысын жеткізді. Өзге де мәселелер тыңдалды.

Облыс әкімі азаматтардың өтініш-тілектерін назарға ала отырып, жоғарыда көтерілген мәселелерді шешу бойынша қажетті шаралар көрілетінін айтты.

Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды

admin

Кентау қалалық сотында «Заңдық маңызы бар факторларды анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

admin

Қарағанды: түрлі мамандықтағы әйелдер мен көп балалы аналарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

admin