Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент: Бозарықтың жаңа құрылыс аумағы сапалы инфрақұрылыммен қамтылады

Қазір Бозарық елдімекеніндегі Жаңақұрылыс аумағына электр қуаты, ауыз су, табиғи газ жүйелерін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге аталған нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары аумақтың ауқымына қарай 3 кезеңге бөлінген. Қазір 1-кезең бойынша ауыз су мен электр, табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2-кезеңдегі ауыз су, табиғи газ жүйесі мен 3-кезеңнің газ, электр желілерінің құрылысы қатар атқарылуда. 

Жоспар бойынша жалпы инфрақұрылым жүйесінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 3,5 мыңнан астам абонент ауыз су, табиғи газ, электр жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады.

Қала әкімі  жауаптыларға құрылыс сапасын қадағалап, мерзімінде қадағалау бойынша тапсырма берді.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім бар

admin

Ордабасы: аудан орталығының мәселесі баршамызға ортақ іс

admin

Алматы облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды

admin