Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Төлеби аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігі бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. өзінің басқаруындағы жеке автокөлігімен үздіксіз қос жалпақ сызықты басып, бұрылыс жасап, жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы бағытына шығып басқарған.

Сот отырысында құқықбұзушының әрекеті, сотта зерттелген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, жол жүрісін бақылау жүйесі бейнежазбасымен дәлелденді.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігімен азамат А.А. кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында 16 мың гектарға жуық жерге жаңадан су үнемдеу технологиялары енгізілді

admin

Жамбыл облысында жаппай сейсмикалық оқу-жаттығу өтті

admin

Олжас Бектенов информировал о ходе исполнения поручения Президента по обеспечению возмещения причиненного государству ущерба.

admin