Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Медиация және бітімгершілік жолдары» жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Төлеби аудандық соты және аудандық билер кеңесінің ұйымдастыруымен «Медиация және бітімгершілік жолдары» жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Төлеби ауданы бойынша ірі ауылдық округтердің бірі болып табылатын Қаратөбе ауылындағы кездесуге — Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғ.Байарыстан, Төлеби аудандық билер кеңесінің төрағасы М.Бекболатов пен ауданға қарасты ауыл билері, Төлеби аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары М.Сейдуалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, Қаратөбе ауылдық округтің әкімі А.Балтабаев және жергілікті тұрғындары қатысты.

Аталған кездесу барысында сот төрағасы ауыл тұрғындарына сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды, сотқа жүгіну тәртіптері, сотта қолданылып отырған жаңа технологиялардың, ахуалдық орталықтың тиімді тұстарын атап өтіп, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық, әсіресе отбасылық қатынастар аясында сотта жиі орын алатын қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша жауапкершіліктің қаталдатылғанын жеткізіп, алдағы уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша келіп түсетін істер енді Қылмыстық кодекстің 108-1 және 109-1 баптарымен қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын айтты.

Басты тақырып ретінде «Медиация және бітімгершілік жолдары» бағытында да даулар бойынша тараптардың мейлінше медиация және бітіммен аяқтаудың тиімді тұстарын жеткізіп, ондағы билердің алатын орнын ерекше атап өтті.

Аудандық билер кеңесінің төрағасы М.Бекболатов, ауыл билері, Төлеби аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары М.Сейдуалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, округ әкімі А.Балтабаев — өз ойларын жеткізіп, ауыл тұрғындарының өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандағы теміржол инфрақұрылымының тозуы: жаңа вагондар неге саланы құтқармайды?

admin

Астана мектептерінде бір психолог 1,5 мың балаға көмек беріп жүр — депутат

admin

Астанаға жаңадан 40 автобус жеткізіледі

admin