ШЫМКЕНТ: Ж.Тәшенов көшесінің орташа жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған

Ж.Тәшенов көшесі – көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып табылады. Ж.Тәшенов көшесі қазіргі уақытта Н.Төреқұлов көшесінен Төлеби көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жобаның сметалық құжаттарында жалпы 35400м2 аумаққа асфальтобетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тасты мастикалық қоспамен жоғары қабатына төсеу қаралған.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.

Ж.Тәшенов көшесінің құрылыс жұмыстары «Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Expert-M» ЖШС-гі.

Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Оның ішінде 9,1 шақырымдық жол, яғни 17 көше Абай ауданының аумағында орналасқан.

Атап айтқанда:

А.Баққараев,
Арын қожа,
Ж.Ахметов,
Е.Алтынбекұлы,
О.Оралбайұлы,
№1 өткел көшелері,
М.Әуезов,
Қ.Бақбаев,
Б.Алпысбаев,
Б.Саттарханов,
Бейбітшілік,
№1, №2, №3, №4,
Орталық,
Агропром көшелері кіреді.

Қазіргі уақытта 80 пайызға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

ПІКІР ЖАЗУ