Полиция қызметкерлері 9 азаматты сан соқтырған күдіктіні қолға түсірді

Полиция қызметкерлері 9 азаматты сан соқтырған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, тергеудің қазіргі кезеңінде 31 жастағы Алматы тұрғыны 9 азаматты алдап кеткен. Олардың саны көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз.

– Жәбірленушілердің сөзінен белгілі болғандай, ер адам Қытайдан автокөліктер мен мопедтер әкелемін деп уәде беріп, тапсырыстың ақысын алып, өз міндеттемелерін орындамаған. Қазіргі уақытта объективті жағдайлар анықталуда. Сонымен қатар күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шегуі мүмкін басқа да азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде, – дейді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

 ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almaty-politsiyasy-9-azamatty-san-soqtyrghan-kudiktini-qolgha-tusirdi/

ПІКІР ЖАЗУ