Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: “мектепке жол» акциясы аясында мектептерге компьютер берілді

Кентау қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында бірқатар білім ордаларына қажетті құралдар берілуде. Қала әкімі Рашид Аюпов мектеп басшыларын қабылдап, аталмыш акция аясында компьютер табыс етті.

Әр жыл сайын өткізілетін акцияға  қаламыздың медценаты «KAZ ENERGY OIL» компаниясының өкілдері өз үлестерін қосуда. Бүгінде компания өкілдері Кентау қаласының мектептеріне 10 компьютерге қолдау көрсетті. Жалпы демеушілер 200 компьютер алып беруді жоспарлаған. Келесі апта ішінде 100-ін табыстаймыз деп отыр.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Мұндай қайырымдылық шарасы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Жаны жомарт кәсіпкерлер алдағы уақытта 1000-ға жуық мұқтаж балаларға қажет мектеп формасымен және спорт киімдерін,  мектепке қажеттi оқу құралдарын алып бермек.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

2026 жылы университеттердегі оқу ақысы қымбаттай ма?

admin

ШЫМКЕНТ: Орталық су-спорты кешені бір мезетте 100-ге жуық спортшыны қабылдауға мүмкіндігі бар

admin

ШЫМКЕНТ: 1000-ға жуық мектеп оқушысына оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді

admin