Түркістан облысында қаза болған полицейдің құрметіне кадет сыныбы ашылды
Түркістан облысында қаза болған полиция қызметкерінің құрметіне кадет сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы Сауран ауданының Бабайқорған ауылындағы жалпы білім беретін мектепте қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Айтжан Ғайбуллаев атындағы кадет сыныбы ашылды.
Ашылу салтанатына Түркістан облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы М. Асқаров, аудандық полиция бөлімінің бастығы А. Әбидинов, ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Жанқожаев, әкімдік пен білім бөлімінің өкілдері, қаза тапқан полицейдің туыстары, бұрынғы әріптестері, сондай-ақ мұғалімдер, оқушылар және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Іс-шара Әнұранды орындау мен қызметтік борышын өтеу кезінде жұлдызы ерте сөнген ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алудан басталды. Одан кейін оқушылар автоматты құрастыру және бөлшектеу бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, патриоттық әндер шырқады. Ал жас кадеттер салтанатты түрде ант қабылдап, ел қорғаушысы болуға уәде берді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-qaza-bolghan-politsejding-qurmetine-kadet-synyby-ashyldy/