Жетісай: сапалы қызмет көрсету – басты назарда

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) негізгі функциясы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, қызметтік әдепті сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, сұрау салуларын, үн қосуларын, ұсыныстарын, оның ішінде шағымдарын қарауды жүзеге асырады.

Бүгінгі күннің жағдайы бойынша Департаменттің қарауына  түскен арыздардың басым бөлігі жер қатынастары, еңбек және әлеуметтік қорғау және ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі болуда.

Бұл ретте, арыздар негізінде Департаментпен жүргізілген бақылау нәтижелерінде 12 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Мәселен, Департамент атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан негізсіз бас тартуға қатысты А есімді азаматшаның шағымын жоспардан тыс тексеру арқылы қарады.

Анықталғандай, «Түркістан қалалық мансап орталығы» филиалы аталған өтінішке Қағидада белгіленбеген талаптарды сақтамай, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны белгілі болды.

Нәтижесінде, Департаменттің ықпалымен А есімді азаматшаға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, бұзушылыққа жол берген мекеме қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, қызмет алу кезінде туындайтын әкімшілік кедергілер, сондай-ақ, азаматтарға оңтайлы, жедел әрі сапалы қызмет көрсету Департаменттің бақылауында бола бермек.

ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы С.Өмірзахов.

ПІКІР ЖАЗУ