Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Сарыағаш: жылу қазандығының жағдайымен танысып, тұрғындармен жүздесті

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан 13 көпқабатты тұрғын үйлердің  жылу қазандығының жағдайымен танысты. Аудан әкімі көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Сонымен қатар, тұрғындардың үйін аралап, көріп шықты.

– Жылу қазандықтарды тұрақты бақылаудамыз. Жылу мөлшері талапқа сай. Жылудың сапасы түсуінің бірінші себебі – насостардың күші жетпеген, оларды ауыстырдық. Одан бөлек, тұрғындар тарапынан  жылыту трубаларындағы ауаны шығарып, жылудың келуін қамтамасыз ету керек. Ал, жалпы жылу өз мөлшерінде беріліп жатыр, – деді аудан басшысы.

Қазіргі таңда, жылу қазандықтары толыққанды жұмыс атқаруда. Жылу беру температурасы 70 градус, қайтымы температурасы 60 градуста 13 көпқабатты үйдің 585 пәтерін жылумен қамтамасыз етуде.

Аралау барысында жылудың белгілі бір температураға жетпейтіндігі анықталған пәтерлер бойынша жауапты бөлім  басшысына ақауларды қалпына келтіру бойынша тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, тиісті бөлім басшысына жылу қазандықтарының  үздіксіз жұмыс атқаруын бақылауды және тұрақты қадағалауды тапсырды.

Сәйкес жаңалықтар

Владельцам шести сгоревших квартир в Уральске выплатили по 145 тысяч тенге

admin

Сайрам: «Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді» тақырыбында жиналыс өтті

admin

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

admin