Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: аудандағы №19 колледждің 65 жылдығы аталып өтілді

Бүгін аудан орталығындағы №19 колледждің 65 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Шараға аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов қатысып, колледж ұжымы мен аталған білім ошағында еңбек еткен ардагерлерді мерейтоймен құттықтап, құрмет көрсетті.

— Сіздерді аудандағы арнаулы орта білім беретін шаңырақ № 19 колледждің 65 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Алпыс бес жылдық тарихы бар оқу орны 1958 жылы Жүзімдік ауылындағы машина-трактор станциясы базасында №85 селолық кәсіптік техникалық училищесі болып құрылды. Техникалық базаны нығайту, оқытушы құрамның жұмыс жасауына, оқушылардың жақсы білім алуына барлық жағдайды жасау үшін осы колледжде қаншама басшылар мен ұстаздар  тынымсыз еңбек етті. Оқу орнының  дамуына өзіндік үлес қосқан, қосып келе жатқанын ұстаздарды еңбегі ерекше деді, — аудан әкімі Ерлан Заипұлы.

 Іс-шарада колледжді басқарған және ұстаздық еткен бірқатар ардагерлерді мерекелік медальдармен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етілді.  О.Тайманов атындағы саз мектебінің ұжымы мен колледж студенттері арнайы дайындаған концертін ұсынып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Сонымен қатар шарада колледж ұстаздары мен оқушылардың құрылымын өзгертіп жасаған электромобиль, қолдан құрастырылған трактор, жол талғамайтын басқа көліктер және тұрмысқа қажетті құралдардың көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда 18 қазан – рухани келісім күні мерекесіне орай спартакиада өткізілді

admin

Түркістан облысында полиция e-Otinish арқылы 12 мыңнан астам өтінішті қарады

admin

Жамбыл облысы шетелдік компаниялармен 153 миллион АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойды

admin