Созақ: аудан делегацияның Қытайдағы іссапары жалғасуда
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жасаған іссапары Хэнан провинциясының Чженчжоу қаласында жалғасуда. Жаңа техналогияларды игеріп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды көздеген делегация Чженчжоу қаласының әкімшілік және бизнес өкілдерімен кәсіпорындарында іскерлік кездесу өткізді.
«Henan Jicui Environmental Protection Technology Co., Ltd» балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорнында болып, балық өсірудің әдістерімен және онда қолданылып жатқан соңғы технологиялармен танысты. Сондай-ақ «Henan Zhongxing» өнеркісіп кір жуғыш ұнтақ, кір сабын өндіру саласы, «Чжэнчжоу Ванге» атты бір рет қолданылатын өнімдер салфеткалар, орама қағаз өндіретін өнеркәсіппен, «Zhengzhou Weilisi New Building Materials» атты полимерлі су өткізбейтін, жанбайтын ерітінді өндіретін және «Zhonghe Yunxing Feed» жем өндіру өнеркәсіптерімен қоса «Henan Dingzhen Food Co., Ltd» деп аталатын шырын өндірісімен айналысатын зауытта болды. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсірудің қыр-сырымен және жоғарыда аталған кәсіптердің тиімді тұстарымен танысты.
Сонымен қатар, «Henan Jicui Environmental Protection Technology» өнеркәсібіне барып, бір рет қолданылатын пластикалық шыны аяқтармен, «Henan Pengyu Packaging Products» деп аталатын пластикалық банкалар, пластик қораптар, басқа пластик қаптамалар шығару жұмыстарымен және құрылысқа қажетті шлак блоктарын, металлдан жасалатын сымдар мен темір шегелер өндірісімен айналысатын зауыттарда болды.
Іссапар аясында аудан кәсіпкерлері бірқатар жобаны іске асыру бойынша өндіріске қажетті технолгиялардың нарықтағы бағасы мен оның жеткізу тұстарын жан-жақты қарастыруда.