Дәстүрлі құндылықтар керуені Созақ ауданында

Түркістан облысының дін істері басқармасы және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті.

Жиынның мақсаты – тұрғындардың мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу және мемлекет пен дін ара қатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру.

Ауданға арнайы келген дінтанушы Мәди Беспаев, актер, мәдениет саласының өкілі Ғалымжан Қалыбаев діни сауаттылық және тұрақтылық жайлы баяндамалар жасап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Еркін форматта, әңгіме-сұқбат түрінде өткен тағылымы мол жиынды блогер, қоғам белсендісі Бағдаулет Жаманқұлов жүргізіп отырды.

Алғаш болып сөз алған дінтанушы Мәди Беспаев “Бала тәрбиесі мен ғаламтор” тақырыбында сөз қозғап, дін мен тәрбиенің арақатынасы, кереғар сенім-нанымдардан сақтану жолдары, ғаламторды қолдану тәртібі мен әдебі жөнінде молынан ақпараттар берді.

Актер, мәдениет саласының өкілі Ғалымжан Қалыбаев өз кезегінде дәстүр сабақтастығының, ұлтымыздың әдет ғұрыптарының, төлтума мәдениетіміздің отбасы институтындағы және қоғамның дамуындағы маңыздылығына кеңінен тоқталды.

ПІКІР ЖАЗУ