«Дәстүрлі құндылықтар керуені» Қазығұрт ауданында

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, Түркістан облысының дін істері басқармасының және Қазығұрт аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасы аясында облыс көлемінде деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, мемлекеттік саясатты ілгерілету, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ауданымызға арнайы дін саласында республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, мәдениет және спорт саласының саңылақтары келіп, тұрғындармен, аудан жастарымен кездесу өткізді. Атаулы топ құрамында «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры Сманов Дінмұхаммед, актер, мәдениет саласының майталманы Аязбаев Абай, спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Таңатаров Ақжүрек бар.

Кездесу барысында арнайы баяндамалар жасалып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

ПІКІР ЖАЗУ