Ордабасы: тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азат Оралбаевтың қатысуымен облыс әкімінің, аудан әкімінің Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, жеке қабылдауларда айтылған мәселелердің орындалуы бойынша жиналыс өтті.

Жиынға аудан әкімінің салалық орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшылары қатысты.

Жиында аудан әкімі аппаратының Жалпы және әкімшілік бөлімінің басшысы Арсылан Нуриддинов жеке қабылдауға келіп түскен өтініштердің орындалу барысы туралы баяндады.

Түркістан облысы әкімі тарапынан өткізілген басқосуларда барлығы 34 тапсырма түссе, оның ауданға тікелей берілгені 25, берілген тапсырмалар уақытымен орындалу үстінде. Ал, аудан әкімі тарапынан ауылдық округтерде өткізілген кездесулерде 55 өтініш түсіп, 10-ы тұрақты бақылауға алынып, орындалуда.

Аудан басшысы белгіленген себептерге байланысты мерзімі ұзартылған тапсырмалар, тұрақты түрде атқарылуы тиіс жұмыстарды тиісті деңгейде орындалу қажеттігін айта келе аталған тапсырмалар бойынша тұрақты бақылауды әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне жүктеді.

Жиын барысында берілген тапсырмалар жан-жақты қаралып, оларды орындауға байланысты нақты шешімдер қабылданды. Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы берілген тапсырмалар мен міндеттемелерді орындауда ешқандай кемшілікке жол берілмеуін қатаң ескертті.

ПІКІР ЖАЗУ