Қазығұрт: «Зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы
«Зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында аудандық білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі, Ынталы жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларымен кездесу болып өтті. Кездесуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметік – психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Ж.Сманова, арнаулы қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкері М.Тұрымбет, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің басшы орынбасары М.Абдуллаева, психологы Қ.Машкетова, аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Қ.Умиралиева, аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Т.Нұрбеков қатысты. Кездесу барысында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің басшы орынбасары М.Абдуллаева мектеп оқушыларына отбасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасы құндылықтары туралы, ата-анамен үлкенмен – кішіні құрметтеуге шақырды. Кездесудің соңы сұрақ жауап пен аяқталды.