Қазығұрт: аудан әкімі аппарат мәжілісін өткізді

Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаилов аппарат мәжілісін өткізді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық қорғаныс істері  бөлімінің қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аталған жиынның күн тәртібінде 4 мәселе көтерілді:

  1. 2023 жылғы 11 айдағы болжам бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және  бюджеттің атқарылуы туралы;
  2. Ауданда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барысы туралы;
  3. Ауданда күз және көктем мезгілінде су тасудың алдын алу іс шарасының орындалуы туралы;
  4. Аудан көлемінде көгалдандыру, тазалық жұмыстары мен коммерциялық, жеке тұрғын үйлердің, мәдениет нысандарының қас беттері мен көше бойындағы банерлардің жағдайы туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өз ұсыныстарын айтып, нақты тапсырмаларын берді.

ПІКІР ЖАЗУ