Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғамҚұқықСаясат

Жамбыл облысында 42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды

    Қордай ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері 42 жастағы тұрғынның құқықтық мәртебесін анықтап, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуына көмек көрсетті.

     Азамат өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Құжаттарының және тұрақты тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты ол ұзақ жылдар бойы қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүріп, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған.

     Қордай ауданына көшіп келгеннен кейін шалғай таулы аймақта малшы болып жұмыс істеген.

     Полиция қызметкерлері алдымен оның жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп, қажетті мәліметтерді қалпына келтіру, құжаттарын рәсімдеу, архивтік деректерді жинау және жеке мәліметтерін тексеру бойынша тиісті сұраныстар жолдады. Нәтижесінде қажетті құжаттардың толық топтамасы дайындалды.

     Барлық кезеңде азаматқа құқықтық кеңес беріліп, практикалық көмек көрсетілді.

     Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 20 мамырда азамат алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.

     Ол Қордай аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен қызметкерлеріне, сондай-ақ «Аяла» отбасын қолдау орталығына алғыс білдіріп, көрсетілген көмек оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуына себеп болғанын айтты.

Сәйкес жаңалықтар

«Қазақстанның қарызы төмен болуы керек»: Бектенов Үкіметтің қаржы саясаты туралы айтты

admin

Түркістан – рухани, қауіпсіз қала!

admin

Сауран: қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

admin