Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция тұрғындарға жаднамалар таратты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған. Құқық қорғаушылардың берген ақпаратына сәйкес, оқиғалардың басым бөлігінде тек зейнеткерлер ғана емес, орта жастағы азаматтар да алаяқтардың құрбаны болып жатады.

Осы жайттардың алдын алу үшін Келес аудандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды жандандырып, сақтық шараларын да мықтап қолға алған. Әлеуметтік желілерде әрбір азаматқа интернет алаяқтарынан сақтану жолдарын түсіндіріп, арнайы тақтайшаларда жазбаша және бейнематериал арқылы ауызша түрде олардың жоспарларын әшкерелейтін нұсқаулықтар мен ескертпелерді кеңінен таратуда.

Тәртіп сақшылар халық көп шоғырланған жерлерде, көшелерде, сауда орталықтары мен автобекеттерде болып алаяққа алданбау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға арнайы дайындалған жарнамалық парақшалар таратып, қандай жағдайда да алаяқтардан сақ болу керектігі туралы ескертті.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА БАРАТЫН АВТОБУСТАР САНЫ КӨБЕЙЕДІ

admin

Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі ұлғайып келеді

admin

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» орталығында ұлттық киім күніне арналған көрме өтті

admin