Түркістан қаласы жалпы 467 интернет базалық станция жұмыс жасайды

Түркістан қаласында Белайн, Кселл,  Теле2, Алтел мобильді операторлары қызмет көрсетеді. Қалада жалпы 3 аумақта («Түркістан Арена» стадионы «Фараб» кітапханасы “RIXOS” қонақ үйі)  «Kcell» АҚ-ның 5G байланыс желісі жұмыс жасауда. Бұдан бөлек, Қала аумағында 467 базалық станция орнатылған. Оның 263-і Белайнға арналған болса, 145-і Кселл операторының базалық станциясы, сонымен бірге, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС  59 базалық станция тұрғындар игілігіне жарауда.

Одан бөлек, тұрғындар жайлылығына үшін шаһарда «Ашық Wi-Fi» желілері де орнатылған. Жыл басынан бері «Ашық Wi-Fi» желісін 23 мыңнан аса азамат қолданған.

Жалпы қаладағы «Түркістан» теміржол вокзалында, Қ. А. Ясауи кесенесі және «Сапар орталығы» аумағында орнатылған. Сонымен қатар Жеңіс, Гүлдер, «Жібек жолы» саябақтарына, Ясауи және кіші арбаттарда, Байбұрт көшесіндегі сұрбұрқақ аумағында “Ашық WI-FI” желісі қолжетімді.

Тегін Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған.

ПІКІР ЖАЗУ