Түлкібас: үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру заман талабы

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің  мәжіліс залында Түлкібас ауданында ҮЕҰ-ды дамыту» жобасы аясында кездесу өтті.

Кездесуге Түлкібас ауданында тіркелген үкіметтік емес ұйым төрағалары мен мүшелері қатысты.

Кездесуді  аудан әкімінің орынбасары Орманов  Ербол Керімбекұлы ашып, күн тәртібімен таныстырып, жүргізіп отырды.

 Арнайы кездесуге  келген  ҮЕҰ-дың басшылары мен мүшелеріне аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков ауданда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру және дамыту мақсатында аудан аумағында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде маңызды  жобаларды  жүзеге  асыруға мол мүмкіндіктер бар екендігін түсіндірді. Кездесуде «Замир» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Егенбердиев және «Ақ мейір» қоғамдық қорының төрағасы Н.Қайранбаев 2023 жылы атқарылған жұмыстарымен таныстырып, қоғамдық бірлестік төрағаларына әдістемелік көмектер көрсетті.   Сондай-ақ, кездесуде үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін арттыру мен жұмыстарын жандандыру жөнінде түрлі пікірлер айтылды.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов  кездесуге қатысқандарға   алғысын айтып, алдағы уақытта игі бастамаларына табыс тіледі.

ПІКІР ЖАЗУ