Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: кезекті аппарат мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Берік Тұрлыбековтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті.

Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, ағымдағы жылы 9 айдың қорытындысымен қаржының игерілуі, су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысы, жылу беру маусымына дайындық, қауіпсіздік шаралары туралы жауапты бөлім, мекеме басшыларының есепті хабарламалары тыңдалды.

Мәжілісте күн тәртібіндегі қаралған мәселелер жан-жақты талқыланды. Аудан басшысының міндетін атқарушы берілген тапсырмалар бойынша әрбір атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстардың сапасына мән беруді және мерзімінде орындау керектігін ескертті.

Берік Нұрғалиұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшыларына және ауыл әкімдеріне нақты тапсырма жүктеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағанды облысында қалдықтарды қайта өңдеуге қайда тапсыруға болады

admin

Бес айда темір жол арқылы 102 млн тоннадан аса жүк тасымалданды

admin

Заманауи анализатор жұмыс жасауда

admin