Түлкібас: үй кезегінде тұрған азаматтарға таптырмас мүмкіндік!

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Отбасы банкінің» қызметкерлері аудандық мемлекеттік және бюджеттік мекеменің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып жатқан бағдарламаларды кеңінен түсіндірді.

Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Жанесен жүргізіп, бағдарламаның аудан тұрғындарына жеңілдетілген пайызбен үй алу үшін таптырмайтын мүмкіндік екенің жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Сауран тұрғын-үй кешеніне үй кезегінде тұрған азаматтарға конкурс өтуде. Конкурсқа өтінім қабылдау 25 қазанға дейін жалғасады. Ол жерде үй кезекте тұрған азаматтар 10 пайыз алғашқы жарнасын құйып, шаршы метрін 180 мың теңгеден несиеге пәтер рәсімдей алады.

-ЖАО-да үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан бойынша:

Несие пайызы – 5% (ЖТСМ 5,2% бастап)

-Несие мерзімі – 20 жылға дейін,

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ бағдарламасы бойынша өтінім берушілерге (санаттар төменде көрсетілген):

Несие пайызы – 2% (ЖТСМ 2% бастап)

Өтінім жіберу www.otbasybank.кz сайты арқылы іске асады

ПІКІР ЖАЗУ