Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам ауданында Түлкібас ауданының мәдениет күндері өтті

Түркістан облысында «Туған жер – алтын бесігім» атты мәдени байланысты нығайтуға бағытталған қала, ауданаралық мәдениет күндері аталып өтуде. Аудан, қалалар арасында тәжірибе алмасу мақсатында Түлкібас ауданының «Текті Төрім Түлкібастан – Сансыз бапты Сайрамға сәлем!» атты концерті Сайрам аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде жалғасты. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев қатысып, сайрамдықтарға ыстық ықыласын жеткізді.

— Киелі Сайрам ауданының төріне Түлкібас ауданынын өнерпаздары келіп, өз өнерлерін паш етуде. Қазір ғана өздеріңізде көрген боларсыздар осы мәдениет үйінің кіре беріс фойесінде ерекше қолөнер туындылардың шеберлерімен арнайы танысып, еңбектеріне тәнті болдық, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Шара барысында түлкібастық өнерпаздар ән-күй орындап, Сайрам ауданы халқына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сәйкес жаңалықтар

Келестегі білім ошақтарына Жапония елінің білім беру жүйесі енгізілмек

admin

Түркістандық қарттар салауатты өмір салтын қолдайды

admin

Созақ: дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

admin