Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Зейнетақы төлемінен 20% ұстап қала ма? – Еңбек министрлігі ресми жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталады деген жарияланымдардың жалған ақпарат екенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқартылады деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатқанын хабарлаймыз. Еске саламыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-ына дейін ұлғайтылуда. Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңгені құрады, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомсвто өкілдері, азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр

admin

Жаңа жылдан кейін бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?

admin

Таразда сейфтен 19 млн теңге ұрлаған азамат қолға түсті

admin