Сарыағаш: құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейту тапсырылды

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, Береке елді мекенін таза ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда, Береке елді мекенінің А-15 тас жолы тарапында орналасқан көшелердің су құдықшаларын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, су желісінің магистралды құбырларын жуу, су қоймасының резервуараның беткі қабатын бетондау жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ, аудан басшысына аталған елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын мердігер мекеме өкілі баяндап өтті.

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы тиісті бөлім басшысы мен құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, мерзімінде сапалы тұрақты түрде өзі келіп бақылап отыратынын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ