Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: жалпы аудандық сенбілік қарқынды жалғасуда

Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді.

Әр аптаның сенбі күні аудан аумағында Арман Абдуллаевтың бастауымен қолға алынған тазалық шарасы жалғасын табуда.

Осы орайда, аудан басшысы бүгінгі жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына өзі де белсене қатысып, аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірге тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталған тазалық шарасына: Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 10:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Сенбілікке қала, кент және ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекеме және дербес бөлім қызметкерлері ат салысты. Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, арам-шөптерден тазалау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы аудандық сенбілік мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың аудан тазалығына қосқан үлесі.

Барша аудан тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Бас жоспарына сәйкес қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде

admin

3986 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтама алды

admin

АЭС толық жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет

admin