Арыс: қала әкімі байтоғай жұртымен кездесті

Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Бүгін түске дейін Қабылсай ауылы тұрғындарымен жүздесуден кейін, Қожатоғай ауыл округіне қарасты Байтоғай елді мекеніне барды.

Жүздесуде қаланың әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып,  округте атқарылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлармен бөлісті.

Бүгінгі таңда Қожатоғай елді мекенінде орналасқан Есқожа, Майлықожа, Елекеев  көшелерінің жарықшамдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңшалары күрделі жөндеуден өткізілуде. Бұдан бөлек, ағын су мәселесі де қолға алынып, тиісті жұмыстар басталған. Ауылдың дәл ортасынан заманауи спорт зал құрылысы басталып кеткен. Нысан келесі жылы ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Ал, Байтоғай елді мекенінің №6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталуда. Сондай-ақ, округ орталығынан дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалақ-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Еркін форматта өткен кездесуде байтоғайлықтар бірқатар мәселелерді шешіп беруді сұрады. Оның ішінде, жайылым жер, топырақ жолға тас төсеу, қоқыс полигынын тазарту мәселелері айтылды.  Шаһар басшысы әр мәселені жіті тыңдап, бірқатарының шешімін сол жерде айтса, кей мәселені ауыл әкімі мен жауапты сала басшыларына бірлесіп шешуді тапсырды.

Кездесуден соң тұрғындар жеке мәселелері бойынша әкім қабылдауында болып, ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шешу жолдары талқыланды.

ПІКІР ЖАЗУ