Келес: жатақханаларда профилактикалық рейдтер жүргізілді

Өрт немесе азаматтардың өміріне қауіп төндіретін өзге де төтенше жағдайлардың пайда болу қаупін жою және алдын алу мақсатында Келес аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және полиция бөлімінің қызметкерлері  адамдар тәулік бойы болатын жерлерде, олардың ішінде  жатақханаларда рейд жүргізді.

Атап айтқанда бөлім қызметкерлері өрт және өзге де төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында Келес ауданы Абай ауылында орналасқан №13 колледжінің жатақханасында болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ бөлмелердегі өрт қауіпсіздігіне назар аударды.

-Жатақханалар-бұл көп адамдар тұратын тұрғын үйдің ерекше санаты, Сондықтан «адам факторының» салдарынан өрт немесе ТЖ туындау қаупі артады. Төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері жатақхана тұрғындары арасында алдын алу рейдтерін өткізуге ерекше көңіл бөледі. Осындай іс-шаралар төтенше жағдай туындау қаупін азайтуға және азаматтар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі, – дейді Келес ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж.Тастанқұл. 

Айта кетейік, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі өрттің жоғары қаупіне байланысты жатақханаларда газ баллондарын пайдалануға тыйым салуға ерекше назар аударды сұранады. Рейдтік шаралар алдағы уақытта жалғастатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ