Ордабасы: ынтымақтастық меморандумға қол қойылды

Линцин қаласы мен Ордабасы ауданы арасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған екі жақты ынтымақтастық меморандумға қол қойылды

ҚХР Шандон провинциясының Линцин қаласы үкімет басшыларының ұйымдамтыруымен жергілікті қытай кәсіпкерлері мен Түркістан облысынан барған делегация мүшелерінің қатысуымен іскерлік қарым-қатынасты нығайту мақсатында кеңейтілген жиын өтті.

Екі ел өкілдері арасында өткен мәжіліс барысында Линцин үкімет басшысы Ван Хун мен ауданымыздың әкімі Азат Оралбаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Сондай-ақ, аталған кездесуде қытайлық «Baoji Haoyu Hitech Machine Engineering Co.Ltd» корпорациясы мен «Компания Ануар» ЖШС басшысы А.Кейкиеев қыш зауытына қажетті жаңа технологиялы қондырғы жабдықтар сатып алу үшін өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Айта кетерлігі, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған, құрамында Ордабасы, Сайрам, Сауран, Отырар, Қазығұрт аудандары және Кентау қаласының әкімдері, сонымен қатар кәсіпкерлерден құралған Түркістан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Линьцин қаласына іссапармен барған болатын.

ПІКІР ЖАЗУ