Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам: әйелдер кеңесінің комиссия отырысы өтті

Бүгін Сайрам ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары А. Өсербаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, аудандық әйелдер кеңесі, аудандық әжелер алқасы, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығының мамандары қатысты. Жиында аудан әкімінің орынбасары А. Өсербаев төрағалық етіп, баяндамашыларға сөз берді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, » Үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » КММ-нің жанындағы «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі Ғ. Медеуов 9 айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріп, алдағы атқаруға тиіс жұмыс жоспарымен бөлісті. Жиын барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу», » Гендерлік саясат», » Әйелдерді кәсіпке баулу» сынды өзекті мәселелер айтылып, қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Дархан Сатыбалды жолдаудағы басым бағыттар өңірдің дамуына оң серпін беретінін жеткізді

admin

ШЫМКЕНТ: Т.Нишанбаев 50 оқушыны мектепке қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етті

admin

Тұрғын үй құрылысы шағынаудандарда қарқынды жүргізілуде

admin