Жасөспірімге ішімдік сатқаны үшін айыппұл арқалады

Алкоголь өнімін этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін адамдарға алкоголь өнімін өткізу әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

Түркістан облысының Отырар аудандық сотында 10 шілде 2023 жылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасымен айналысуға мемлекеттік лицензияның қолданысын 1 (бір) айға тоқтата тұрып, 96 000 (тоқсан алты мың алты жүз) теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Себебі, 2022 жылғы 15 қазанда 11 сағат 20 минут шамасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында орналасқан жеке кәсіпкерге тиесілі азық-түлік дүкенінде сатушысы 2004 жылғы 04 тамызда туылған жасөспірімге, яғни жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін өткiзген.

Себебі, 2023 жылғы 25 маусымда 09 сағат 45 минут шамасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында орналасқан жеке кәсіпкерге тиесілі азық-түлік дүкенінің сатушысы алкоголь өнімін этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін 1 дана «Хлебный сок» 0,5 л. арағын, яғни алкогольдік өнімді өткізген.

Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін көрсеткен.

Сот қаулысымен салынған айыппұлды ерікті түрде қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төленуі тиіс екендігі түсіндіріліп, Түркістан облысы Отырар ауданының полиция бөлімінде сақтауда тұрған 1 дана «Хлебный сок» 0.5 л. арағын жоюды және қаулының лицензиясының қолданысын тоқтату жөніндегі бөлігінің орындалуы Отырар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүктелді.

ӘҚБтК-нің 40-бабының 2-бөлігінде Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылатыны түсіндірілген.

Сот қаулысы заңды күшінен енбеген.

ПІКІР ЖАЗУ