Кезекті кездесу – Көксәйек ауылдық округінде
Бекітілген жұмыс жоспарына сай, аудан тұрғындарымен кезекті кездесу Көксәйек ауылдық округінде өтті.
Мамыр айында өткен кездесуде Көксәйек ауылдық округ тұрғындары 3 мәселе көтеріп, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ: Көксәйек, Қазақстан елді мекендері тұрғындары тұтынатын ауыз судың сапасын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, ауыз судың сапасы жақсарды. Бұдан бөлек, 8 март, Бәйгел ата көшелеріне ауыз су жеткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Облыстық маңызы бар КХ-82 жолының бойына техникалық тазалау жүргізіліп, алдағы уақытта «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі сол маңда әкімшілік ғимараты, қызметкерлер үйін тұрғызуды жоспарлауда.
Жалпы, ауылдық округтегі аудандық маңызы бар жолдың 86,4 пайызы, ішкі көшелердің 91,2 пайызы қанағаттанарлық жағдайда болса, Жастар, Төлеби, Тұрсынбай көшелері мен Жіңішке елді мекеніндегі газ жүйесінің құрылысы аяқталып, оны қосу жұмыстары жүргізілуде. Көксәйек елді мекеніндегі су дебетін ұлғайту мақсатында бұлақ көзінен құбыр жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ш.Қалдаяқов, Амангелді, Әйтеке би, Қазыбек би, А.Қожамсүгіров, Е.Абдрасилов, Медетбек, Тұрсынбай көшелерінде электр желілері тартылып, бағаналар орнату ісі жыл соңына дейін жүргізіледі.
Көксәйек ауылдық округі бойынша 2022 атқарылып жатқан жұмыстар:
-Жіңішке, Қазақстан, Көксәйек елді мекендеріндегі ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
-Қ.Жұмжаев көшесінің 2,0 шақырымы мен Жіңішке елді мекенінің 3,1 шақырымы түнгі жарық шамдары қойылуда.
Кездесу барысында округ халқы жол кедергілерін қойып, ардагерлерге Мәдениет үйінен арнайы бөлме ашуды сұранды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүргізіп, балалар ойын алаңшасын орнатып, мобильді интернет желісінің жұмысын жақсарту, тұрғын үйлерді нөмірлеп, лоток қою, электр желілері мен бағаналарын ауыстыру ісін жалғастыру қажеттігі бойынша өтініштерін жеткізді. Елді мекендегі көпқабатты үйлердің сырт келбетін әрлеу мәселесі тұрғындармен бірлесе отырып шешімін табатыны жиын барысында айтылды.
Басқосуда көтерілген барлық мәселелер бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктеліп, оның орындалуы бақылауда болатыны айтылды