Кезекті аппарат мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кезекті аппарат мәжіліс өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен өткен жиында бірнеше мәселе қаралды. 18 қыркүйек күні Сарыарқа төрінен «Ұлы Дала Жорығы» атты республикалық марафон- бәйге басталған болатын. Астана қаласынан – Түркістанға дейін 1200 шақырым жолды жүріп өтетін марафон- бәйгеде еліміздің облыстарынан жасақталған 20 команда, 100 шабандоз қатысады. Сайыста шабандоздар Созақ ауданынан жүріп өтеді. Сайын даланы ат тұяғымен дүбірлетіп шабандоздарды күтіп алу, оларды Түркістан қаласына шығарып салуды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

-Қазақ ат үстінде өскен халық. Бұрын соңды мұндай бәйге елімізде ұйымдастырылмаған. Елордадан шыққан шабандоздар біздің аудан арқылы өтеді. Осындай үлкен шараны лайықты дәрежеде өткізуіміз керек, – деді аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков.

Мәжіліс барысында ауыл шаруашылық саласы бойынша 8 айдың қорытындысымен атқаралған жұмыстар туралы бөлім басшысы Қайырбек Мейірманов баяндама жасады. Сондай-ақ аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков, қаржының игерілуіне қатысты хабарлама жасады.

Аудан басшысы алда тұрған міндеттер туралы салалық бөлім басшылары мен ауыл, кент округ әкімдеріне тапсырма берді.

ПІКІР ЖАЗУ