Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Алтын бағасы қымбаттап, рекорд орнатты

15 қыркүйектегі сауда барысында Comex биржасында желтоқсан айындағы фьючерстердің бағасы қымбаттады. Бұл күнгі саудада алтынның бағасы 3722,4 долларға жетті. 16 қыркүйек күнгі бағалы металл бағасы 3682 долларды құрады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Trading Economics басылымының жазуынша, АҚШ долларының әлсіреуі және америкалық мемлекеттік облигациялар кірістілігінің төмендеуі алтынға деген сұраныстың артуына ықпал етті.

Инвесторлар сейсенбі-сәрсенбі күндері өтетін отырыс қорытындысы бойынша АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) желтоқсаннан бері алғаш рет пайыздық мөлшерлемелерді төмендетеді деп күтіп отыр.

CME FedWatch дерегіне сәйкес, 2024 жылы 27%-ға өскен алтын бағасы биыл жыл басынан бері шамамен 35%-ға қымбаттады. Бұған, ең алдымен, әлемдік орталық банктердің алтын сатып алуы, ақша-несие саясатының жұмсаруы, сондай-ақ геосаяси және экономикалық тұрақсыздық әсер етті.

Бұған дейін қазақстандықтар алтын сатып алуды азайтқаны туралы жазған едік.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Барлық бағыттардың дамуы ел тағдыры үшін маңызды

admin

Түркістан: Ордабасыда жылына 600 трактор шығарылады

admin

Tourism in Dubai is booming by international tourist

admin_bainews