Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ҚАРАҒАШТЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

✅Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасына сәйкес және «Балалар» жылы аясында Майылыкент ауылдық округіне қарасты, Қарағашты елді мекенінде заманауи балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
✅Игі шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов пен ауыл әкімі Қ.Ахметов ауыл тұрғындарын және жастарын жаңа нысандарымен құттықтады. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, өз ризашылықтарын жеткізді.
✅Қазіргі таңда жаңа нысанда заманауи ойын элементтері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселді. Сонымен қатар, әткеншектер, құмсалғыш, және түрлі ойын элементтері орнатылды. Балалар алаңшасы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға мүмкіндік береді.

Сәйкес жаңалықтар

Сайрамда «АЛТЫН КҮЗ-2023» мерекесі тойлануда

admin

Жетісай: Өрттен жапа шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі

admin

Шымкентте автомобиль жолдарын бақылау жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр

admin