Аудан әкімі құралыс нысандарын аралады

Аудан әкімі Нұрлан Байғұт Жабағылы ауылындағы құрылысы аяқталып қалған әкімдік ғимаратында болып, құрылыстың сапасын бақылады.
Жалпы аумағы 25 х15 метрді құрайтын ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары 100 пайызға, ал сыртқы жұмыстары 95 пайызға аяқталып қойған. Қазіргі таңда сыртын бояу мен ауласын абаттандыру жұмыстары іске асуда. Аудан басшысы мердігер және жауапты мамандар бірге ғимаратты толық аралап, біршама кемшілік анықтады. Аталған кемшіліктерді жоюға мердігерге мерзім белгілеп, жауапты бөлім мен ауыл әкіміне бақылауда ұстауды тапсырды.
Содан соң, аудан әкімі аудан орталығындағы 600 орындық Майлыкент мектебіне табан тіреді.
Бүгінгі таңда білім нысанының құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталып отыр. Қазіргі таңда сыртын қаптау және ирригациялық жүйелерін жүргізу жұмыстары іске асуда. Бұл жұмыстар аяқталғаннан соң ауласына асфальт жабындысын төсеп, абаттандыру жұмыстары жалғасын таппақ.
Нұрлан Мархабатұлы мердігер және жауапты мамандармен бірге нысанды аралап, ауа-райының қолайлы сәтін пайдаланып дала жұмыстарын тездетіп бітіріп алуды ескертті. Сонымен қатар, жобалық құжатта көрсетілмеген біршама кемшілік тұстарын Заң талаптарына сай өзгертіп, енгізу керектігін атап өтті.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ