Оңтүстіктің тарихи мұрасына айналған Ақмешіт үңгірі туралы ақпарат

  Ақмешіт үңгірі миллиондаған жылдар бұрын тектоникалық құбылыстың әсерінен пайда болған табиғат кереметі. Қаратаудың Оңтүстік шығыс беткейінде Бәйдібек ауданындағы Кеңестөбе ауылынан 5км жерде орналасқан ойық жартасты үңгір. Үңгірдің ұзындығы 150-160м. ені 60-65м биіктігі 25-30м. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің құрылысына ұқсайды. 20 м тереңдікте ежелгі тұт ағаштары өседі. Біреусінің астында әйелдер мен балалар жоңғар шабуылдарынан жасырынған. Ал басқа аңыз бойынша, ежелгі заманда бұл үнгір айдаһардың баспанасы болған. Бір күні осы жерге Сүлейман пайғамбар келіп, айдаһарды шынжырға отырғызады. Содан кейін айдаһар неше жыл өмір сүргенін аңыз айтпайды, бірақ ұйқтаған орны сақталып қалған. Бұл жердің тағы да бір ерекшелігі – аумағында көптеген километр бойында еш бір ағаш жоқ, ал үнгірдің өзінде нағыз оазис. Үнгір тасының құрамында әк болғандықтан түнде жарық болуына байланысты Ақмешіт деп аталған болуы мүмкін. Ақмешіт үнгірі ТМД еліндегі ең үлкен үнгір болып есептеледі, қазіргі кезде Түркістан қаласына келуші туристтер арасынада Ақмешіт арқылы келу кеңінер тараған. 2022 жылдың маусым айына дейін 85 мыңға жуық адам Ақмешіт үнгірін тамашалаған.

ПІКІР ЖАЗУ