Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Таразда құмар ойынға салынған директор өз фирмасын тонаған

Тараз қаласындағы шағын қаржы мекемесінің директоры құмар ойынның құрсауынан шыға алмай өз фирмасын тонаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

7 қыркүйекте Тараз қаласының «102» арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті.

Полицейлер келгеннен кейін сол мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн. теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жеке құрамға шұғыл бағдар беріліп, «Тосқауыл» жоспары енгізілді. Сондай-ақ өзге де жедел іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс жасалып, нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды.

Сәйкес жаңалықтар

Таразда «Омар ата» базары өртеніп жатыр

admin

«МӘМС қаржысы қайда?»: Заңбұзушылықтар көлемі 60 млрд теңгеге жетуі мүмкін

admin

Түркістанға келген туристер жоғары деңгейлі қонақ үй қызметін тұтына алады

admin