Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі

 Отырар Түркістан обылысының орта ғасырларда ең дамыған қалаларының бірі – мәдениет, сауда, жершаруашылық пен малшаруашылық дамыған. Сонымен қатар Орта Азия мен Қазақстанда ең зерттелген қалаларының бірі. Ұзақ зерттеу жылдары бойы жиналған археологиялық экспонаттар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінде жиналған. Ғылыми кітапханамен қоса жалпы 23 мың экспонат бар. Көне қала зерттеу кезінде табылған археологиялық құндылықтар сақтау орталығы осы Отырар қорық музейі болды. Табылған заттар қалпына келтіру және консервация арқасында жақсы сақталады. Жалпы аумағы 11546 га жерде тарихи-мәдени ескерткіштер орналасқан. Олардың 3 Республикалық маңызы бар, 72 жергілікті маңызы бар тарихи мәдени ескерткіштер. Музейде көрме залы, 6 экспозиция залы, жұмыс бөлмелері бар. Отырар Түркістан облысының тарихи орталағы, жыл сайын көптеген ғалымдар мен туристтер табылған жәдігерлерді өз көздерімен көріп тамашалауға музейге келеді. Қазіргі таңда 2022 жылдың маусым айына дейін 5 айда 1500 жуық туристтер келген.

ПІКІР ЖАЗУ