Шардара тұрғындарын алаңдататын мәселелер талқыланды
Облыс әкімі алдымен «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысқан болатын. Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға емдік-сауықтыру қызметі көрсетіліп жатыр. Осы орталық маңында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы грант алған шардаралық тұрғындардың тауар көрмесі де ұйымдастырылды. Облыс әкімі шағын және орта бизнес мемлекеттің тірегі екенін айтып, осы салаға қолдауды күшейтуді тапсырды.
«Шардара армспорт» спорт клубында өткен негізгі кездесуде тұрғындар тарапынан тұрғын үй, газдандыру, аурухананы күрделі жөндеуден өткізу, балық шаруашылығына субсидиялау және өзге де мәселелер бойынша сұрақтары қойылып, арыздары мен өтініштері тыңдалды.
— Өздеріңіз білетіндей, Президент тапсырмасымен әкімдердің есеп беру кездесулерінің форматы өзгерді. Кестеге сәйкес Шардара ауданына келіп тұрмын. Екінші жартыжылдықта тағы да өздеріңізбен жолығамын. Мұндағы мәселелерді жақсы білемін. Ауданның инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарына қолдау көрсетіледі. Жақын уақытта ауданның газ мәселесі шешімін табады. Қамту көрсеткіші ұлғаяды. Балық шаруашылығын субсидиялау ұсынысы өте орынды. Өңірде бұл сала жақсы дамып келеді. Түркістан облысын дамыту, Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналдыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Өңірде барлық салада тұрақты өсім бар , – деді Ө.Шөкеев.
Кездесуден кейін Өмірзақ Шөкеев бірнеше тұрғынды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауда ауданда жайылымды карьерге айналдырмау жөнінде өтініш айтылды. Кәсіпкердің де уәжі тыңдалды. Мәселе бақылауға алынды.
Былтыр Шардара ауданының инфрақұрылымын жүргізу бағытында, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2 елді мекенде 6 жоба іске асырылды.
Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев на встрече с жителями Шардаринского района затронул вопрос инфраструктуры. Отвечая на обращения и предложения жителей, глава региона отметил высокий потенциал района.
Сначала аким области ознакомился с работой Центра оказания социальных услуг “Касиет”. Здесь оказывают лечебно-оздоровительные услуги пенсионерам и людям с ограниченными возможностями.
На территории центра была организована выставка товаров шардаринцев, получивших гранты по государственной программе “Еңбек”. Аким области подчеркнул, что малый и средний бизнес является опорой государства и поручил усилить поддержку этой отрасли.
На основной встрече, прошедшей в спортивном клубе “Шардара армспорт” жители задавали вопросы о жилье, газификации, капитальном ремонте больницы, субсидировании рыбного хозяйства и другие вопросы, были заслушаны их заявления и обращения.
– Как вы знаете, по поручению Президента изменился формат отчетных встреч акимов. В соответствии с графиком приезжал в Шардаринский район. Во втором полугодии снова с вами встретимся. Я хорошо знаю местные проблемы. Будет поддержана работа по улучшению инфраструктуры района. В ближайшее время решим газовую проблему. Предложение субсидирования рыбного хозяйства вполне оправдано. В регионе эта отрасль хорошо развивается. Ведется работа по развитию Туркестанской области, превращению Туркестана в центр тюркского мира. В регионе наблюдается устойчивый рост во всех сферах , – сказал У. Шукеев.
После встречи аким принял нескольких жителей по личным просьбам. На приеме прозвучала просьба не превращать одно из пастбищ в карьер. Была выслушана и мотивация предпринимателя. Вопрос взят на контроль