Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Сарыағашта үш айлық қызын өлтірген келіншек 15 жылға сотталды

 Қайын енесімен ұрысып қалған келіншек сәбиімен бірге Келес өзеніне секіріп кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Қайын енесімен ұрысып қалған келіншек емханаға барар жолда өзін және сәбиін өлтіруге бел байлаған. Содан Келес өзенінің суына қызымен бірге секіріп кеткен. Сол кезде үш айлық сәбиі суға тұншығып қалған. Түркістан облысының қылмыстық істерге мамандандырылған ауданаралық соты жас ананы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Келіншек 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: Тұран шағын ауданы жаңа тұрғындармен толығып келеді

admin

Түркістан: Төлебиде жаңа қосалқы электр станциясы пайдалануға беріледі

admin

Кибералаяққа алданған ана тұрғындарға үндеу жасады

admin