Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

 Ыстық ауа райынан «Самара – Шымкент» автобанының бетон плитасы көтеріліп кетті .

 ҚазАқпарат — «Самара – Шымкент» тасжолының «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлеуметтік желіде «Түркістан-Шымкент» бағытындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткендігі туралы видео тарады. Жағдай Төрткөл кенті аумағында орын алған. Жол ортасындағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі тудырды. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазіргі таңда «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағанын мәлім етті. «10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр», — деді Ләззат Стамғазиева.

Сәйкес жаңалықтар

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында армия спортшысы Ангелина Лукасқа құрмет көрсетілді

admin

Alem Tech Fest 2026: Қазақстанның робототехника бойынша ұлттық құрамасы жасақталды

admin

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын қарқындатуды тапсырды

admin