Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Сарыағаш ауданында үшем дүниеге келді.

 Бүгін Сарыағаш қаласының әкімі М.Доспулов еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, дүниеге үшем әкелген қала тұрғыны Берик Тойшиев пен Ақбөпе Кенесовнаның отбасына арнайы барып құттықтады.
М.Доспулов үшемдердің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деген тілегін жеткізіп, сый-сияпаттарды тарту етті.
Мамыр айының он төрті күні 26 жастағы Ақбөпе Кенесова дүниеге Ардана, Елдана, Нұрдана атты үшем әкелген болатын. Ақбөпе жұбайы Берикпен бұған дейін отбасында 1 бала тәрбиелеп, қазіргі уақытта 4 баланың ата-анасы атанды. Бүгінгі таңда жас ана мен нәрестелердің денсаулығы жақсы.
Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда 2696 сәби өмірге келген. Оның ішінде 25-егіз, 1-үшем.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандағы азаматтық форумда маңызды мәселелер талқыланды

admin

Түркістан облысынан 2 мыңнан астам азамат солтүстікке қоныс аударды

admin

Түркістан облысында жайылым жер көлемі 304 мың гектарға ұлғаяды

admin