№10-шы бағытта енді жаңа автобустар қатынайды

 Облыс орталығының қоғамдық көліктері қатары тағы 8 жаңа заманауи автобуспен толықты. Жаңадан келген автобустар ертеңнен бастап қолданыстағы №10- шы қоғамдық көлік бағытында жолаушы тасымалдайды.Автобустар сыйымдылығы жоғары, «Еуро-5» стандартына сәйкес келетін – «YUTONG» маркасына тиесілі. Ұзындығы – 8,5 метр, жалпы сыйымдылығы – 60 адамды құрайды. Ішінде заманауи электронды төлем жүйесі орнатылып, салқындатқыш-жылытқыш құрылғысымен қамтылған.
Айта кетейік, жыл соңына дейін, «Жолаушы» ЖШС-і тарапынан осындай үлгідегі 24 жаңа автобус алынып, қолданыстағы қалаішілік әлеуметтік маңызы бар №2а, №12,  №3 бағыттарында қайта жандандырып, жүргізу жоспарланған.

 Дереккөз: Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ