Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері республикалық спартакиада бильярдтан 1 орын алды

 Петропавл қаласында өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық Спартакиадада Түркістан облысының бильярд құрама командасы командалық есеппен жүлделі 1 орынға ие болды. Аталған спорт түрінен Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округінің әкімі Ендібай Құмар, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы Дастан Айтымбетов, Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ермахан Атемов және Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Дастан Альтеев жарыс жүлделерімен марапатталды.
Айта кетерлігі, Түркістан облысының волейбол құрама командасы 16 шілде күні өтетін ақтық ойынға жолдама алды.

Дереккөз::Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: «Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір баспана сыйлады

admin

Жамбылда нөсер жауыннан Меркі өзенінің суы арнасынан асты

admin

Түркістан өңірінің тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр

admin