Жүргізушілер үшін жаңа айыппұлдар қосылды: бүгіннен бастап не өзгереді

 13 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Кейбір жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар өссе, кейбірінде керісінше жеңілдетілді.

Сонымен жаңа ережелер:

  • Көлік салонынан басын шығару, есікті қозғалыс кезінде ашу немесе жүксалғышта отыру – 10 АЕК (шамамен 40 мың теңге). Бұл жаза жүргізушілерге де, жолаушыларға да қолданылады.
  • Мүгедектігі бар жүргізушілердің қарама-қарсы жолаққа шығуы – 30 АЕК (118 мың теңге). Бұрын мұндай жаза қарастырылмаған.
  • Теміржол өткелінен өту ережесін бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өсті.
  • Жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендер үшін жаза үш есеге өсті – 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, қайталанған жағдайда – 40 АЕК.
  • Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) себепші болып, қарама-қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер бұрын 6 айға құқығынан айырылса, енді 9 айға айырылатын болды.

Жеңілдетілген жазалар:

  • ЖКО-да зардап шеккендер болмаса, бұрын 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылса, енді 20 АЕК (78 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.
  • Төленбеген тұрақ үшін айыппұл 3 АЕК-тен 4 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Жаңа өзгерістер жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

ПІКІР ЖАЗУ